8 800 070 9089
8 727 338 4716

Тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметі

ru kz

Біз туралы

mySafety компаниясы 1997 жылы Швецияда құрылған және өзінің жиырма жылдан астам тарихы барысында personal assistance секілді қызметтер нарығында көшбасшы позициясын иемденді.

Компания төлем карталары, жеке құжаттар, кілттер мен мобильді телефондарды қорғауға маманданған. Өз клиенттеріне жоғалып қалған төлем карталарын және мобильді телефондарды блоктаудың шұғыл қызметтерін ұсына отырып, солармен одан әрі жүргізілетін теріс пайдалану мен алаяқтықтың алдын алады, сондай-ақ, mySafety алдын ала таңбалаудың арқасында жоғалған паспортты, автоқұжаттарды, телефондарды, кілттерді немесе багажды тиімді табуға және иесіне қайтаруға көмектеседі.

Біздің табысымыздың негізі таңдалған сатылымдар стратегиясы және Серіктестермен тығыз ынтымақта жұмыс істеу болып табылады, олар, mySafety компаниясының бай тәжірибесінің арқасында, өз клиенттері үшін бірегей ұсынысқа ие болады.

Бүгінгі таңда mySafety өз әрекетін Швеция, Финляндия, Норвегия, Польша, Украина және Чили секілді елдердің нарығында жүзеге асырады, клиентке тікелей немесе серіктес фирмалар арқылы ұсынылатын assistance қызметтерін көрсетеді.

«майСейфети» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның аумағындағы өз әрекетін 2012 жылдың қазанында бастады.

Қазіргі уақытта mySafety компаниясы қазақстандық сатып алушыларға құжаттарды, тасымалданатын сандық құрылғыларды және багажды қорғау қызметтерін де ұсынады.

Бұл қызықты

Жоғалған заттардың 60% санынан астам 48 сағаттың ішінде табылады

Статистика бойынша 80% астам адам әрқашан өздерімен бірге кілтті, амиянды және ұялы телефонды алып жүреді.

Сол мезетте 80% астам адам жеке мүлктiң ұрлығы немесе күтпеген жоғалуы туралы қайда хабарлайтының білмейді.

44% астам адам бір кезде болсада өз заттарынан біреуін жоғалтқан:
24% бүкіл жоғалған заттардан – ол кілттер,
10% — құжаттар,
10% — ұялы телефондар,
6% — төлем карталары.

Біз әрбір клиенттің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігінің қамын ойлаймыз және жеке заттарды қорғау бойынша тиімді шешім ұсынамыз.