8 800 070 9089
8 727 338 4716

Тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметі

ru kz

Багажды және құжаттарды қорғау - Трансавиа

Құны: 3000 тг. Узнать больше!

Бұл не?

Бұл жоғалған багаждың тұрған жері туралы ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызмет. Багажға қауіпсіздік биркасы орнатылады, ал жапсырманы сіз өз құжаттарыңызға бекіте аласыз. Биркада бірегей сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ багажды тауып алған адам қоңырау шала алатын қолдау көрсету қызметінің екі нөмірі көрсетілген (Қазақстаннан және шетелден келіп түсетін қоңыраулар үшін).

Бұл қалай жұмыс істейді?

1. Сапарға шықпастан бұрын қауіпсіздік биркасын чемоданыңызға бекітіңіз, ал төрт бұрышты ID-нөмірі бар жапсырманы сіздің құжатыңызға жабыстырыныз.

2. Багажыңыз немесе құжаттарыңыз табылған жағдайда, тауып алған адам қауіпсіздік биркасында және жапсырмада көрсетілген тәуліктік нөмірге қоңырау шалады.

3. mySafety компаниясының консультанты қауіпсіздік биркадағы және жапсырмадағы нөмірдің негізінде багаждың иесін анықтайды және багажыңыздың тұрған жері туралы ақпарат беру үшін дереу сізбен байланысады.

4. Сіз курьерлік компанияның қызметтеріне дербес ақы төлеуге келіскен жағдайда, mySafety компаниясының консультанты багажыңыздың сіз көрсеткен мекен-жайға жеткізілуін ұйымдастырады.

Назар аударыңыз! Қызмет міндетті түрде пакет активацияланған және деректер дұрыс енгізілген жағдайда ғана жұмыс істейді.

Серіктес:

Трансавиа;

Қорғау нысаны:

1 багаж, 1 құжат;

Толтырылуы:

1 багаж биркасы, 1 жапсырмалар сеті.