8 800 070 9089
8 727 338 4716

Тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметі

ru kz

Сұрақ-жауап

Қызметті қайдан сатып алуға болады?

mySafety компаниясы ұсынатын қызметтерді екі тәсілмен сатып алуға болады:

1. Біздің серіктестеріміздің біреусінің бөлшек желісі арқылы. Өнімдер бөліміндегі қызметті таңдаңыз, сол қызметті ұсынатын серіктестер тізімімен танысып шығыңыз, өзіңізге ыңғайлы дүкенді немесе банк бөлімшесін таңдаңыз. Сауда сәтті болсын!
2. Тікелей mySafety компаниясынан. Өнімдер бетіндегі біздің серіктестер бөлімінен СейфетиЛайнды таңдаңыз, қажетті қызметтер пакетін немесе жекелеген сервисті таңдаңыз, өзіңізге ыңғайлы тәсілмен ақы төлеңіз.

Қызметті қалай тіркеуге болады?

Пакетті активациялау қосымша бетін таңдаңыз. Осыдан кейін шығатын тізімнен өзіңіз сатып алған пакетті таңдаңыз және Клиент сауалнамасының қажетті өрістерін толтырыңыз. Сәтті тіркелген кейін сіздің мобильді телефоныңызға сервистің активацияланғаны туралы ескертетін смс хабарлама келеді.

Қызмет қалай жұмыс істейді?

Қызметтердің жұмыс істеу принципі қорғалатын нысандарға (кілттерге, телефондарға, паспорттарға, багажға) бірегей сәйкестендіру нөмірін беруге негізделген.

Бірегей нөмірлерге біздің салпыншақтарымыз, жапсырмаларымыз, багаж биркаларымыз, жеке карталар мен жетондарымыз ие. Егер сіз осындай нөмірі бар затты жоғалтып алсаңыз, ал оны біреу тауып алса, ол тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметінің нөміріне қоңырау шалады (бұл нөмір де барлық салпыншақтарда, жапсырмаларда, биркаларда және т.б. көрсетілген), бірегей нөмірді атайды және mySafety компаниясының мамандары сол нөмір бойынша заттың иесін анықтайды, сізге табылған зат туралы хабарлайды және жоғалған затты сіз көрсеткен мекен-жайға жеткізеді.

Қызметті қалай пайдалануға болады?

Арнайы салпыншақты кілттерге бекітіңіз. Паспортқа, телефонға және сандық техникаға қауіпсіздік жапсырмасын жапсырыңыз.

Домалақ жапсырмалар ақпараттық жапсырма болып табылады. Тәуліктік қолдау көрсету қызметінің нөміріне әрдайым қол жеткізе алу үшін оларды қол сағатыңыздың астына немесе әмияныңызға бекітіңіз.

Телефон жоғалған жағдайда тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметінің нөміріне қоңырау шалып, SIM-картаны блоктап тастаңыз.

Сапарға шықпастан бұрын багажыңызға қауіпсіздік биркасын бекітіңіз. Жоғалған багаж табылған жағдайда mySafety компаниясының маманы сізбен байланысып, багаждың қайтарылуына себін тигізеді.

Жеке картаның сырт жағын толтырыңыз. Жеке карта және жетон әрқашан да сізбен бірге болуы тиіс. Жазатайым оқиға туындаған кезде медициналық қызметтер Жеке картада немесе жетонда көрсетілген телефонға қоңырау шалып, бірегей нөмірді атайды және сіздің денсаулығыңыз туралы пакетті активациялаған кезде өзіңіз қалдырған ақпаратты ала алады (аурулар, аллергиялар, қабылданатын дәрілер, жақын туыстардың телефондары).

Мен бір затымды жоғалтып алдым... табылған зат туралы Компанияға берілген хабарды қалай тексеруге болады?

Клиентке арналған тәуліктік тегін қолдау көрсету қызметінің телефонына қоңырау шалыңыз және хабарларды тексергіңіз келетінін мәлімдеңіз. Компанияның мамандары ақпарат беру үшін Сізбен жұмыс күндері байланысады.

Қызметтерге ақы төлеуді қалай жүргізу керек?

Компанияның қызметтеріне келесідей тәсілдермен ақы төлеуге болады:
«Visa, Master Card» карталарымен төлем
Qiwi терминалдар

Егер паспорт жоғалса не істеу керек?

Ұсыныстардың толық нұсқасы ҚР СІМ сайтында

Егер паспорт ҚР аумағында жоғалған немесе ұрланған болса, онда, мұны білгеннен-ақ, ең жақын орналасқан полиция бөліміне дереу жүгініп, паспорттың жоғалғаны туралы хабарлау қажет.

Ал шетелде паспортсыз қалған жағдайда не істеу керек? Ең алдымен, зиянкестердің паспортты пайдаланып қоймауы үшін жергілікті полиция бөліміне жүгініңіз, және Қазақстан консулдығында немесе елшілігінде арыз жазыңыз және паспортпен не болғанын дәйекті түрде түсіндіріңіз.

Қиын жағдайға душар болмау үшін мынадай кеңестерге құлақ қойыңыз:

  1. Сапардың алдында паспорттың бірінші бетінің және виза қойылған бетінің ксерокөшірмесін жасаңыз. Оларды түпнұсқадан бөлек сақтаңыз. Құжатты қонақүйдің сейфінде қалдырып, баратын жеріңізде көшірмемен жүрсеңіз болады.
  2. Паспорттың көшірмесін туыстарыңызға немесе достарыңызға қалдырып кеткен жөн, қажеттілік жағдайында олар оны факс немесе электронды пошта арқылы тез жібере алады.
  3. Құжаттарыңыз болмаған жағдайда сіздің жеке басыңызды Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын екі куә растай алады.
  4. Өз құжаттарыңызды нөмірі бар арнайы жапсырмамен қорғаңыз, құжаттарыңызды тауып алған адам сол нөмірге қоңырау шалып, олардың қайда екенін айта алады.
  5. Құжаттарды қорғау бойынша қызметтер пакетін «майСейфети» компаниясынан сатып алған кезде құжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесін компанияға уақтылы беруді ұмытпаңыз. Қажеттілік жағдайында қызметкерлеріміз осылайша ғана сізге көмектесе алады.

Куәлік қалай беріледі

Жоғалған шетелдік паспорттың орнына куәлік беруді Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша арызы бойынша, Қазақстан Республикасына кіру үшін қажетті мерзімге, бірақ бұл мерзім 15 күннен аспауы тиіс, қолхаттың негізінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі жүзеге асырады.

Куәлік беру мәселесі бойынша жүгінген кезде келеслерді ұсыну қажет:

  1. болып жатқан еліңіздің құзіретті органы (мысалы, жергілікті полиция, құқықтық тәртіп органы) берген паспорттың жоғалу фактісін растайтын құжат (хаттама, анықтама және т.б.);
  2. белгілі үлгідегі арыз (арыз бланкісі Қазақстанның шетелдік мекемесінде беріледі);
  3. екі фотография;
  4. арыз берушінің жеке басын сәйкестендіруге, оның Қазақстан Республикасында болып жатқан жерін немесе тұрып жатқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар (мысалы, әскери билет, жүргізуші куәлігі және т.б.) немесе тиісті түрде куәландырылған, арыз берушінің жеке басын растаған Қазақстан Республикасының кемінде екі азаматының жазбаша арызы.

Қазақстан Республикасына қайту туралы куәлік консул арыз беруші туралы оның жеке басына және Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігіне қатысты кез келген күмәнге жол бермейтін барлық қажетті мәліметтерді алғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Егер жеке басты растайтын құжаттар жоқ болса

Егер адам бір өзі саяхат жасап жүріп, барлық құжаттарынан айрылса, бұл өте күрделі жағдай. Елшіліктің қызметкерлері туристің шынында да сол адам екенін растау үшін Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдарымен байланысады. Мұндай жағдайда қазақстандық ішкі істер органдары жүзеге асыратын арыз берушінің жеке басын тексерудің нәтижесі туралы жауап күтуге тура келеді. Бұл ресімдеме ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Жеке басты анықтау ресімдемесін тездетуге болады, егер, мысалы, туысқандары немесе достары оның Қазақстанда тұратын жеріндегі ішкі істер органына тікелей жүгінетін болса.

Егер Қазақстанның шетелдік мекемесі алыс болса

Егер ең жақын орналасқан Қазақстанның шетелдік мекемесі сіз болып жатқан жерден алыс орналасқан болса, оның қызметкерлерімен алдын ала телефон бойынша байланысқаныңыз және тиісті түсініктемелер алғаныңыз жөн, бұл талап етілетін барлық құжаттарды алдын ала жинауға және консулдық мекемеге келген кезде куәліктің берілуін тездетуге көмектеседі.

Куәлік берудің құны

Отанға оралу куәлігін бергені үшін, сондай-ақ басқа да консулдық іс-әрекеттерді жасағаны үшін Қазақстанның шетелдік мекемесі консулдық алым алады. Қазақстанға оралу куәлігін ресімдеудің құны еліне қарай түрленеді (50-ден 100 АҚШ долларына дейін).

Үйге жеткеннен кейін не істеу керек

Қазақстанға келіп жеткен кезде, жоғалған шетелдік паспорт берілген ұйымға шекаралық бақылау-өткізу бекетінің белгілері бар (шекарадан өткен кезде қойылады) куәлікті үш күндік мерзімде тапсыру қажет.

Куәлік шекарадан өту сәтінен бастап 10 тәулік бойы жарамды болады және осы кезеңнің ішінде жеке куәлік ретінде қызмет атқара алады.

Егер шетелде жүріп, қылмыстан зардап шеккен болсаңыз

Ұсыныстардың толық нұсқасы ҚР СІМ сайтында

Егер шетелде жүріп, қылмыс құрбаны болсаңыз немесе басқа тұлғалардың әрекетінен зардап шексеңіз, қайда жүгіну керек?

Ұрлық немесе күш көрсету

Егер сізге қатысты ұрлық немесе күш көрсету орын алған болса, ең алдымен қылмысты ізін суытпай ашу және тергеу жүргізу үшін болған оқиға туралы құқық сақтау органдарына хабарлау қажет.

Хаттама құрастырылуы тиіс, ұрлық жағдайында – жоғалған заттардың тізімін және олардың шамамен алынған құнын көрсету қажет. Болған оқиға туралы топтың алып жүрушісіне, егер ондай болса, немесе турфирманың өкіліне хабарлаған жөн.

Жол-көлік оқиғасы

Жол-көлік оқиғасы кезінде полицияны/көлік полициясын күту қажет. Хаттаманың оқиға орнында құрастырылуын талап еткен жөн. Кейде апаттың себептерін және әрбір тараптың кінәсінің дәрежесін анықтау үшін қосымша тергеу жүргізу қажет.

Тұтқындау

Ұстаған немесе тұтқындаған жағдайда қарсылық көрсетпеген жөн, өйткені бұл жағдайды ушықтырып, арнайы қызмет/полиция қызметкерлерлерін қара күш немесе тіпті қару қолдануға итермелеуі мүмкін.

Қауіп-қатермен немесе басқа тұлғалардың күш көрсетуімен, жол-көлік оқиғаларымен, жергілікті құқық қорғау органдарының ұстап алуымен байланысты ойланбаған жағдайлар туындаған кезде, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдық мекемесіне хабарлау қажет .

Сіз құқық қорғау немесе полиция органдарынан ең жақын орналасқан Қазақстанның консулдық мекемесімен байланысу мүмкіндігін беруді, немесе оған инцидент фактісі туралы жазбаша хабарлама жіберуді талап етуге құқылысыз.

Бұл ретте консулдық ұйымның консулдық қызметкердің бірден келуін қамтамасыз ете алмайтынына түсінікпен қарау керек (мысалы, егер оқиға орын алған жер консулдықтан алыс қашықтықта орналасқан болса).

Ұсынылмайтындар:

  • жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен сөйлесу,
  • заңгер немесе адвокат болмаған жағдайда шетел тіліндегі қайсыбір хаттамаларға немесе өзге де құжаттарға қол қою.

Есіңізде болсын, кейбір елдердің заңнамасы бойынша осындай көрсетпе жауаптар қылмыс жасағандық туралы айыптың негізін құрастыруы мүмкін.

Консулдық және құқықтық көмек көрсету механизмі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі болып жатқан елдің құзыретті органдарынан азаматты ұстағаны туралы ақпаратты алған сәтінен бастап әрекет ете бастайды. Мұндай ресімдеме 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясында көзделген.

Қазақстан консулдық мекемелерінің нақты көмегі қажеттілігіне қарай аударма жасауға, ұсталған тұлғаның туысқандарымен және достарымен байланыс жасауға, іс жүргізу нормаларының сақталуын бақылауға, соның ішінде олардың жергілікті заңнамаға және халықаралық құқыққа сәйкестілігі тұрғысында, адвокаттарды іздеуге, істің барлық мән-жайын айқындауға көмектесу болып табылады.

Отанға оралмастан бұрын, консулдық қызметкерлерінің тергеу барысын бақылау, нәтижелері туралы жәбірленушіге хабарлау мүмкіндігі болуы үшін, консулдық мекемеде хаттаманың көшірмесін және өз нұсқаушы деректеріңізді қалдырып кетіңіз.

Дүлей апат немесе лаңкестік шабуыл туындаған кезде не істеу керек?

Төтенше жағдайлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туындаған жағдайда мемлекет көмек көрсетеді, қазақстандық азаматтардың мүдделерін қорғау шараларын, соның ішінде болып жатқан елден эвакуациялау шараларын қолданады.

Егер сіз төтенше жағдай (лаңкестік шабуыл, дүлей апат) зонасына түсіп қалсаңыз мүмкіндігінше дереу өзіңіз туралы, туыстарыңыз, таныс адамдарыңыз туралы Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдығына хабарлаңыз. Егер сізге осы өңірдегі Қазақстан консулдығының телефоны белгісіз болса, өзіңіз туралы турфирманың өкіліне немесе туысқандарыңызға хабарлағаныңыз жөн.

Багаж жоғалса не істеу керек?

Ең алдымен, сапарға шықпастан бұрын, жоғалып қалған жағдайда чемоданның тезірек қайтарылу ықтималдығын арттыратын шараларды қабылдау қажет:

  1. Өз байланыс деректеріңіздің чемоданның сыртында, сондай-ақ ішінде де болуын қамтамасыз етіңіз.
  2. Чемоданды сыртынан, сондай-ақ оның ішіндегісін суретке түсіріп алыңыз.
  3. Чемоданның ішіндегі заттардың тізімін құрастырыңыз.
  4. Багаждың шамалап алғандағы салмағын жазып алыңыз.

Сөйтіп, транспортер лентасында еш чемодан қалмады, ал сіздің чемоданыңыз болса көзге де көрінбеді. Не істеу керек?

  1. Ең алдымен өзіңіз рейсімен ұшып келген әуе компаниясының қызметкерлеріне, немесе багажды іздестіру тұрынтағының (әдетте «Lost & Found» жазуымен белгіленеді) қызметкеріне чемоданның жоқ екенін хабарлаңыз және багажды іздестіру актісін толтырыңыз. Сізге рейске тіркеуден өткен кезде багажға бекітілетін багаж биркасының жыртылмалы талонын көрсету қажет. Багажды іздестіру актісінде чемоданның немесе сөмкенің ерекше белгілерін көрсетіңіз – осы жерде сіздің жақында түсірген фотосуреттеріңіздің пайдасы тиеді! Акт екі дана болып құрастырылады – біреуі әуе компаниясының басшылығына жіберіледі, ал екіншісі сізде қалады. Міндетті түрде іздестіру өтінімінің нөмірі көрсетілген деректерді алыңыз.
  2. Барлық халықаралық компаниялар дерлік халықаралық багажды іздестіру жүйесіне қосылған. Сіздің актіңіз іздестірудің жалпы базасына енгізіледі, бұл жерде жоғалған және табылған багажға қатысты деректер автоматты түрде салыстырып тексеріледі. Деректердің дәл келуі анықталған жағдайда жүйе жоғалған багаждың тұрған жерін көрсетеді. Көбінесе багаж ең таяу авиарейспен жіберіледі.
  3. Багаж көбінесе бірнеше күннің ішінде табылады. Егер іздестіру актісі құрастырылған сәттен бастап бес күннің ішінде чемодан табылмаса, сізден чемоданның ішіндегілердің толық тізімін құрастыруыңызды сұрайды. Бұл да іздестірудің жалпы базасына енгізіледі. Егер үш аптадан кейін де сіздің заттарыңыз табылмаса, багаж жоғалған немесе ұрланған болып танылады.
  4. Багаж көбінесе әуежайда рейске тіркеу кезінде бекітілетін бирканың жұлынып қалуынан жоғалады. Мұндай жағдайда чемоданның қай ұшаққа тиелгенін анықтау мүмкін емес, және багаж «Lost & Found»-қа беріледі.
  5. Егер сіз бөтен елде бірінші қажеттілік заттарынсыз қалған болсаңыз, өз әуе компанияңыздан көмек сұраңыз. Заң бойынша әуе тасымалдаушысы жолаушының сатып алған заттарын төлеуге міндетті емес, бірақ іс жүзінде көптеген әуе компаниялардың өкілдері мұндай жағдайда фирманың беделіне нұқсан келтірмеу үшін сізге жәрдем көрсетеді. Сенімді әуе компаниялары бірден ақша ұсынады – қағида бойынша, бұл 250 доллардай сома. Бірақ әуе компаниялардың көбісі багаж табылғаннан кейін есеп айырысады. Жұмсаған ақшаңызды күні өтіп кеткеннен кейін алу үшін компания өкіліне багаждың жоғалғаны туралы акт құрастырылғаннан кейінгі бірінші күні сатып алынған заттардың чегін ұсыну қажет. Есіңізде болсын – сатып алынған киімнің құны жартылай ғана өтеледі.
  6. Егер 21 күннің ішінде сіздің багажыңыз табылмаса, әуе компаниясы сізге материалдық залалды өтеп беруі тиіс. Багаждың жоғалуы және кідіруі үшін өтемақы төлеу механизмін реттейтін Варшава конвенциясы және Гаага хаттамасы халықаралық тасымалдау жөніндегі жергіліктіті заңдарға қатысты артықшылыққа ие.
  7. Толығымен жоғалған багаж үшінгі өтемақы әрбір 1 кг салмақ үшін 20 доллардан есептеледі. Жалпы салмақ әдетте авиабилетке бекітілетін багаж талоны бойынша анықталады. Егер қайсыбір себептермен чемодан таразыға тартылмаған болса, оның салмағы 35 кг болып бағаланады. Өтемақы сондай-ақ ұшақтың салонында жоғалған багаж үшін де төленеді – салмағынан тәуелсіз 400 доллар. Зақымдалған багаж да осы тарифтер бойынша төленеді. Әуе тасымалдаушысының ережелері бойынша жолаушыларға құжаттарды, ақшаны, сынғыш және бағалы заттарды қол жүгімен алып жүру ұсынылады. Әуе компанияларының көбі осындай заттардың жоғалғаны немесе зақымдалғаны үшін жауапкершілік көтермейтіні туралы алдын ала ескертеді.
  8. Егер сіз 1 кг затыңыздың 20 доллар тұратынымен келісетін болсаңыз, онда ақшаны алып, болған оқиғаны ұмытуыңызға болады. Ал егер сіз өзіңізбен қымбат заттар алып бара жатқан болсаңыз және өтемақы сомасы сізді қанағаттандырмайтын болса, залалыңызға дұрыс баға берілмегенін ілеспе хатта көрсете отырып, әуе компаниясына шағым беру қажет. Шағымды берген кезде белгіленген мерзімнен аспау қажет:
    • багаж жоғалған жағдайда шағым 18 айдың ішінде беріледі;
    • зақымдалған багаж берілген жағдайда, ұшып келгеннен кейін бірден, заттарды алған сәттен бастап 7 күннен кешіктірмей шағым түсіру қажет;
    • егер ұшып келгеннен кейін бірнеше күннен кейін сиқы кеткен чемодан үйіңізге немесе кеңсеңізге жеткізілсе, немесе өзіңізге оның артынан әуежайға баруға тура келсе — мерзім багаж алынған сәттен бастап 21 күнге дейін артады.


    Егер сіз әуе компаниямен келісімге келсеңіз, өтемақы ретінде 5 мың долларға дейін алуға болады. Өзге жағдайда әуе тасымалдаушысы жазбаша түрде өтемақы төлеуден бас тартуы тиіс. Осы бас тартумен, сондай-ақ шағымның бір данасымен сотқа жүгінуге болады. Талап арызды багаж нысаналы әуежайға келіп түсуі тиіс болған күннен бастап екі жылдың ішінде беруге болады.

Бұл қызықты

Жоғалған заттардың 60% санынан астам 48 сағаттың ішінде табылады

Статистика бойынша 80% астам адам әрқашан өздерімен бірге кілтті, амиянды және ұялы телефонды алып жүреді.

Сол мезетте 80% астам адам жеке мүлктiң ұрлығы немесе күтпеген жоғалуы туралы қайда хабарлайтының білмейді.

44% астам адам бір кезде болсада өз заттарынан біреуін жоғалтқан:
24% бүкіл жоғалған заттардан – ол кілттер,
10% — құжаттар,
10% — ұялы телефондар,
6% — төлем карталары.

Біз әрбір клиенттің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігінің қамын ойлаймыз және жеке заттарды қорғау бойынша тиімді шешім ұсынамыз.